БҰҰ: Ресейде украиналық әскери тұтқындардың 95% азаптауда
Ресей Федерациясындағы украиналық әскери тұтқындардың 95% азаптауда дейді БҰҰ. Ресейдің азаптау тәжірибесі «кең таралған және жүйелі» деп мәлімдеді Украинадағы БҰҰ адам құқықтарын бақылау миссиясының басшысы Даниэль Белл Нидерландының NOS телеарнасына берген сұхбатында, - деп хабарлайды Arbat.media.
Біріккен Ұлттар Ұйымы жинаған мәліметтерге сәйкес, ресейлік қамау орындарында украиндықтар алғашқы жауап алу кезінде-ақ азапталады. Оларды темір шыбықпен, таяқпен ұрып-соғып, жалаңаштап, электр тоғымен азаптайды.
«Бұл менің 20 жылдық жұмысымда көрген ең нашар нәрсе», - дейді Белл.
Ол украиндықтар қамауда жатқан Ресей колонияларында не болып жатқаны туралы ақпарат негізінен бостандыққа шыққандардан келетінін атап өтті.
Сонымен бірге, БҰҰ миссиясы Украинадағы ресейлік әскери тұтқындарға тікелей қол жеткізе алады және қамаудағы орындардың фотосуреттерін ала алады.