Әлем9 қараша 2023, 14:00

БҰҰ: Таяу Шығыста 300 мың бала мектепке бара алмай отыр

БҰҰ мәліметі бойынша, Таяу Шығыстағы соғыс салдарынан 300 мың бала мектепке бара алмайды, - деп хабарлайды Arbat.media.

БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмыс жөніндегі агенттігінің басшысы Филипп Лаззарини Газа секторындағы соғыстан 300 мыңға жуық баланың мектепке бармайтынын айтты.

Анклавта қаза тапқан БҰҰ-ның 89 қызметкерінің көбінің мұғалім болғаны да жағдайды қиындатады.

Біріккен ұлттар ұйымы балалардың мектепке бара алмайтыны неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым оларды кейінірек қуып жетуге уақыт қажет ететінін атап өтті.

«Қазір Газа секторындағы мектептер апатты жағдайдағы баспанаға айналды, оқушылар су мен бір үзім нан сұрайды. Олар күннен-күнге білім алу құқығынан айырылып жатыр», - деді Лаззарини.

БҰҰ таяу шығыс Балалар Мектеп

Тақырыпқа жаңалықтар