БҰҰ: Украинаның әскери тұтқындарын өлім жазасына кесу саны артып барады
БҰҰ украиналық әскери тұтқындарды өлім жазасына кесу санының артқанын хабарлады, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Біз сұхбат берген украиналық әскери тұтқындардың барлығы ресейлік сарбаздар немесе қызмет лауазымдағыларының тұтқында болған кезінде украин әскерлерін азаптап, қайта-қайта ұрып-соққанын, электрошок қолданғанын, атып өлтіреміз деп қорқытқанын, ұзақ уақыт бойы ыңғайсыз қиын күйде тұрғызып қойғанын және өлім жазасына кесіп жатқандай әрекетті бейнелегенін айтты», - деді Украинадағы адам құқықтарының жағдайы туралы баяндама жасаған БҰҰ мониторинг миссиясын басқаратын Даниэль Белл.
Оның айтуынша, тұтқындардың көпшілігі отбасыларымен сөйлесуге рұқсат етілмегенін, тиісті азық-түлік пен медициналық көмектен айырғанын, көрген азабын айтып берген.