Чехия президенті 60 чех азаматына УҚК-не қызмет етуге рұқсат берді
Фото: Sean Gallup/Getty Images
Getty Images
Әлем3 қараша 2024, 17:00

Чехия президенті 60 чех азаматына УҚК-не қызмет етуге рұқсат берді

Чехия президенті 60 чех азаматына Украина қарулы күштерінде қызмет етуге рұқсат берді. Украинада кең ауқымды соғыс басталғаннан кейін Чехия президенті Петр Павелдің кеңсесіне Украина жағында соғысуға рұқсат сұраған ел азаматтарынан 181 өтініш келіп түсті, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Филипп Платош. Оның айтуынша, Украина қарулы күштерінің қатарына қосылуға рұқсат Чехияның 60 азаматына берілген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Киев жағындағы шайқастарға заңды түрде қосылу үшін Чехия азаматтары президенттен рұқсат алуы керек.

Украина қарулы күштері жағында соғысуға президенттің алдын ала рұқсатынсыз кеткен чехиялық еріктілер кешірім сұрай алады.

Бұл жағдайда оларға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылады немесе басталмайды.

Чехия президенті 60 чех азаматы соғысуға рұқсат УҚК

Тақырыпқа жаңалықтар