Чехия СІМ: Украина жаздың соңына дейін тағы 100 мың оқ-дәрі алады
Украина жаздың соңына дейін тағы 100 мың оқ-дәрі алады, дейді Чехияның Сыртқы істер министрлігі. Бұл туралы Чехияның Сыртқы істер министрі Ян Липавский мәлімдеді. Ол қыркүйектен бастап снарядтарды жеткізу жылдамдайтынын айтты.Сонымен қатар, Чехия 2025 жылы жеткізуді жалғастыру үшін қаржы іздеп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
Прага бастамасына қазірдің өзінде 18 мемлекет қосылса, оның 15-і қаржылай үлес қосты.
Чехия билігі Украина армиясы үшін снарядтарды нақты қайдан сатып алатыны құпия сақталуда.
Бұған дейін Украина мен Чехия елдер арасындағы әскери-техникалық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға арналған қауіпсіздік туралы келісімге қол қойған болатын.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: