Чип жасауға — $7 триллион
Америкалық OpenAI компаниясының бас атқарушы директоры Сэм Олтман 5-7 триллион долларды қажет ететін жобаны қаржыландыру жөнінде инвесторларменкеліссөз жүргізіп жатыр, деп жазды The Wall Street Journal.Жоба жасанды интеллектпен (AI) жұмыс істеу әлеуетін арттырады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Tanym Media жазады.
OpenAI - танымал ChatGPT чат-ботының әзірлеушісі.
Біз қолданып жүрген ChatGPT және басқа AI құралдарының негізінде үлкен тілдік модельдер жатыр.
Оны әзірлеу үшін қымбат AI чиптері қажет.
Келіссөз жүргізіліп жатқан инвесторлар арасында Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) үкіметі де бар.
Қазіргі уақытта Әмірліктер ЖИ саласында көшбасшы болуға барын салып жатыр (арабтардың ұлттық киімін киюді емес, осы жағын үйренсек болады екен).
7 триллион доллар — ғаламат сома.
Салыстыру үшін айта кетсек, АҚШ президенті Джо Байденнің елдегі чип өндірісін кеңейту жоспарын қаржыландыру – 52 миллиард доллар тұрады.