Әлем5 сәуір 2024, 11:34

Crocus City Hall: ФСБ терактіге қатысты тағы үш айыпталушыны ұстады

ФСБ Крокустағы терактіге қатысты тағы үш айыпталушының ұсталғанын хабарлады. «Орталық Азиядан келген үш адам» Мәскеуде, Екатеринбургте және Омбыда ұсталды. Ұсталғандардың аты-жөні айтылмайды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ведомство, сондай-ақ, олардың екеуі лаңкестік әрекетті жасады дегендерге қару мен көлік сатып алу үшін ақша аударғанын алға тартады.

Үшіншісі, ресейлік мемлекеттік БАҚ хабарлағандай, сыбайластарды жалдап, қылмыскерлерді қаржыландырды деген күдікке ілінген.

Бұған дейін Crocus City Hall-да болған терактіге қатысты 10 адам қамауға алынған болатын.

Олардың төртеуі концерт залына тікелей шабуыл жасады деген күдікке ілінген, қалғаны қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінді.

Crocus City Hall үш айыпталушы ФСБ

Тақырыпқа жаңалықтар