Crocus City Hall: Құрбандар саны 152-ге жетті
РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәскеу облысы бойынша штаб-пәтерінің жаңартылған мәліметтері бойынша «Крокус сити холлдағы» теракт салдарынан құрбан болғандар саны 152-ге жетті, - деп хабарлайды Arbat.media.
,Бұл туралы ТАСС жариялады.
«Лаңкестік әрекет салдарынан 285 адам (оның ішінде 8 бала) зардап шекті, оның ішінде 133 адам (оның ішінде 3 бала) қаза тапты», - делінген хабарламада.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі 147 адам құрбан болғанын хабарлаған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары үйінділерді тазалау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Түнде жұмысқа ауыр техникалар қосылды.
Еске сала кетсек, 22-ші наурыз күні Мәскеудің солтүстік-батысындағы «Crocus City Hall» концерт залында атыс болып, камуфляж киген адамдар бебіт тұрғындарға оқ жаудырған.
Ресейде 24 наурыз Жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жарияланды.