Дания парламенті Құранды көпшілік алдында өртеуге тыйым салды
Дания парламенті Құранды көпшілік алдында өртеуге тыйым салды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Дания қасиетті жазбаларды, соның ішінде Құран, Биьлия немесе Тауратты көпшілік алдында өртеуге тыйым салды.
Сондай-ақ оны келемеждеуге, таптауға, жыртуға, кесуге немесе тесуге болмайды.
Бұзушылықтар үшін - екі жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделеді.
Мұсылман елдеріндегі жаппай наразылықтар мен олармен қарым-қатынастың нашарлауына Дания билігі осылай жауап берді.
Шерулер Дания мен Швецияда Құранды өртеу оқиғалары көбейгеннен кейін басталды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: