Дания патшайымы халқының алдына соңғы рет шықты
Дания патшайымы Маргрете II монарх ретінде өзінің соңғы қоғамдық іс-шарасын өткізді, - деп хабарлайды Arbat.media.
14 қаңтарда ол 52 жылдан кейін 55 жастағы ұлы, ханзада Фредериктің пайдасына тақтан бас тартады.
83 жастағы Маргрет Копенгагенді алты ат жегілген, алтынмен көмкерілген күймемен айналып өтті.
Мұны тамашалауға мыңдаған даниялықтар аязға қарамастан келді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: