Данияда 900 жыл ішінде алғаш рет монарх тақтан бас тартты
Данияда 900 жыл ішінде алғаш рет монарх тақтан бас тартады, 52 жылғы биліктен кейін патшайым Маргрете II бүгін билікті ұлына берді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бүгін сағат 14:00-де патшайым өзінің ұлы, Данияның тақ мұрагер ханзадасы Фредериктің пайдасына тақтан бас тартуға қол қойды.
Ол бұл ниетін патшайым халыққа арнаған жаңажылдық үндеуінде айтқан болатын.
Монархтың ауысуы махаббат жанжалы аясында орын алды: БАҚ 2023 жылдың күзінде папараццилер Фредерикті модель Геновева Казановамен серуендеп жүргенін суретке түсіріп алған, екеуі модельдің үйінде түнеді деп мәлімдейді. Ал бұл кезде Фредериктің әйелі, мұрагер ханшайым Мэри Нью-Йоркте болды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: