Дэвид Кэмерон Ұлыбританияның сыртқы істер министрі болды
Ұлыбританияның жаңа сыртқы істер министрі болып бұрынғы премьер-министр Дэвид Кэмерон тағайындалды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Британ үкіметіндегі өзгерістер аясында бұрынғы СІМ Джеймс Клеверли Суэлла Браверманның орнына ішкі істер минстрі болып тағайындалды.
Суэлла Браверманның даулы мақаласы үшін қызметінен кеткен.
Дэвид Кэмерон 2010-2016 жылдар аралығында Ұлыбританияның премьер-министрі қызметін атқарды.
Осы уақыт ішінде Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығуы туралы пікірталас басталды.
Кэмеронның өзі Brexit-ке қарсы болды, бірақ британдықтардың 51,9% Brexit-ті қолдаған кезде ол отставкаға кетті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: