Диверсия: Францияда пойыздардың тоқтатылуы 800 мыңға жуық жолаушыны жолдан қалдырды
Францияда диверсияға байланысты пойыздың жаппай тоқтатылуы 800 мыңға жуық жолаушыға әсер етіп, жолынан қалдырды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Елдің ұлттық теміржол операторы SNCF диверсия салдары алдағы демалыс күндерінде сезіледі деп болжайды.
Көлік министрі Патрис Вергрите бұл үзіліс шығыс пен солтүстіктегі әрбір екінші пойызға және Бордоға қарай жүретін әрбір төртінші жүрдек пойызға әсер ететінін айтты.
Eurostar теміржол операторы Франциядағы вандализм актілеріне байланысты Лондон мен Париж арасындағы пойыз қатынасы үзілгеннен кейін жұма күні жолаушыларға сапарға шықпауға кеңес берді, деп хабарлайды BBC.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: