Әлем31 қаңтар 2024, 18:00

Дональд Трамп Нобель сыйлығына ұсынылды

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Нобель сыйлығына ұсынылды. Оны бұл марапатқа АҚШ Өкілдер палатасының мүшесі Клодия Тенни (Нью-Йорктен келген республикашыл) ұсынды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі Fox news сайтына сілтеме жасап жариялады. 

Трампқа сыйлықты «Авраам келісімдеріне» - Израиль мен БАӘ және Бахрейн арасындағы қарым-қатынасты қалпына келтіру жөніндегі құжатқа қол қоюға көмектескені үшін беру ұсынылды.

Трамп бұған дейін жоғарыда аталған марапатқа үш рет ұсынылды, оның ішінде Авраам келісімдеріне қол жеткізуге қосқан үлесі үшін.

Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы қазан айында жарияланады.

Дональд Трамп Нобель сыйлығы Клодия Тенни

Тақырыпқа жаңалықтар