Дональд Трампқа қастандық жасалды
Дональд Трампқа қастандық жасалды. АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Пенсильвания штатында сөйлеп тұрған кезінде оған оқ атқан. Ол жақтастарының алдында сөйлеген сөзін үзіп, саясаткер қанаған құлағын ұстап сахнадан кетіп қалды. Бұл оқиғаны сол жерде түсіріп тұрған жергілікті телеарналар таратты, - деп хабарлайды Arbat.media.
АҚШ-тың бұрынғы президентінің Батлер қаласындағы жақтастары алдында сөйлеген сөзі небәрі бірнеше минутқа созылды және саясаткер заңсыз көші-қон проблемалары туралы айтып тұған кезде күтпеген жерден үнсіздік орнады.
Кенеттен атыс естілді, содан кейін сахнаға шыққан Трамп үнсіз қалып, құлағын ұстаған күйі мінбердің артында отырып қалды. Оны оққағарлар қоршап алды.
Бір-екі минуттан кейін Трамп камералар объективінде қайта пайда болған кезде, күзетшілер оң құлағы қанға боялған экс-президентті сахнадан алып кетті.
Кейін Трамп атыстан кейін қалының жақсы екенін айтты.
Оның баспасөз хатшысы Стивен Чунның айтуынша, саясаткер Пенсильваниядағы ауруханада медициналық тексеруден өтіп жатыр.
Жергілікті WTAE телеарнасы Батлер округінің прокурорына сілтеме жасап, атыс кезінде бір адам қаза табуы мүмкін деп болжанғанын хабарлады.
АҚШ президенті Джо Байденге Трамп митингісінде болған оқиғаны жеткізді.
Құпия қызметі Трамп митингісінде болған оқиғадан кейін қорғаныс шараларын қабылдап, тергеу жүргізіп жатыр.
Ведомство өкілі АҚШ-тың бұрынғы президентінің қауіпсіз жерде екенін айтты.