Дональд Трампқа жасалған қастандыққа қатысты жаңа дерек шықты
Фото: BILD
BILD
Әлем30 шілде 2024, 19:59

Дональд Трампқа жасалған қастандыққа қатысты жаңа дерек шықты

Wall Street Journal басылымы АҚШ республикалық партиясының кандидаты Дональд Трампқа оқ жаудырған 20 жастағы Томас Мэтью Крукс туралы жаңа мәліметтерді ашты. Крукс құрал-жабдықтар мен химиялық заттарды ата-анасының үйінде сақтаған. Ол ғылымға қызығушылық танытып, эксперимент жүргізген және бірнеше марапаты бар математик болғандықтан, оның ата-анасы оғаш ештеңеден күдіктенбеген, деді ФТБ-ының арнайы агенті Кевин Роджак Wall Street Journal басылымына, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы  BILD жазады. 

– Ата-анасы бұл туралы ештеңе білмейтіндерін айтты. Жауап алу кезінде өздерін сенімді ұстап, тергеуге көмектесті, - деді ол.

Құпия қызметтің бұрынғы агенті Пол Эклофф The Hill газетіне берген сұхбатында Крукстың психикалық денсаулығында проблема бар деп болжады. Бұған дейін New York Post газеті Крукс болған оқиғаға дейін депрессиялық бұзылыс туралы ақпаратты интернеттен іздегенін жазған. Сонымен қатар, ол Словакия премьер-министрі Роберт Фикоға биылғы жылдың мамыр айында жасалған қастандық туралы оқыған.

Дональд Трампқа АҚШ-тың Пенсильвания штатының Батлер қаласында сайлауалды науқаны кезінде қастандық жасалды. Онда 20 жастағы Томас Мэтью Крукс Трамп сөйлей бастағаннан бірнеше минут өткен соң автоматтан оқ жаудырды.

Дональд Трамп қастандық жаңа дерек

Тақырыпқа жаңалықтар