Дональд Трамптың енесі қайтыс болды
Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті Дональд Трамптың әйелі Мелания Трамптың анасы Амалия Кнавс қайтыс болды. Саясаткердің қайын енесінің жасы өзімен шамалас — 78 жаста еді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform жариялады.
«Анам Амалияның өмірден озғанын қайғыра хабарлаймын. Ол әрқашан өзін сыпайы ұстап, мейірімін төгіп, ізетін ұмытпайтын қайратты әйел болды. Күйеуіне, қыздарына, немересіне және күйеу баласына адал еді», — деп жазды Мелания Трамп Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Амалия Кнавс — Словенияның тумасы.
Мелания Трамп — Америка президентінің Луиза Адамстан кейінгі екінші әйелі, ол да АҚШ-та тумаған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: