Дума әйелдерге аборттан бас тартса ақша беруді ұсынды
Мемлекеттік Дума ресейлік әйелдерге түсік жасатудан бас тартқандары үшін ақша беруді ұсынды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Депутат Сұлтан Хамзаев бастама көтеріп, вице-премьер Татьяна Голиковаға үндеу жолдады.
Босанғаннан кейін баланы мемлекетке тапсыруды ұсынды.
«Мен бұрын қабылданған түсік жасату туралы шешімнің орнына бала тууға шешім қабылдаған әйелдерді кейіннен баланы тәрбиелеу үшін мемлекетке өткізе отырып, материалдық ынталандыру идеясын қарастыруды ұсынамын. Баланың өмірін сақтау Ресейдегі түсіктердің санын азайту стратегиясындағы ең маңызды нәрсе деп санаймын», - делінген Хамзаевтың үндеуінде.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: