Әлем13 шілде 2024, 17:19

Дүниежүзіндегі халық саны 2080-жылдардың ортасында ең жоғары деңгейге жетеді

Дүниежүзіндегі халық саны 2080-жылдардың ортасында ең жоғары деңгейге жетеді. 2084 жылға қарай әлем халқының саны 10,3 миллиард адамға дейін өседі, делінген БҰҰ-ның «әлемдік халық санының келешегі» туралы баяндамасында. 2100 жылға қарай халық санының ең жоғары табиғи өсімі Африканың бірнеше елдерінде күтілуде: ДР Конго, Танзания және Эфиопия, сондай-ақ Азияда – Пәкістанда, - деп хабарлайды Arbat.media.

Орташа өмір сүру ұзақтығы 21 ғасырдың соңына қарай бірте-бірте 81,7 жасқа дейін артады деп болжануда: ерлер 80 жастан сәл аз, әйелдер 84 жасқа жуық.

БҰҰ деректері бойынша 2100 жылы халық санының ең үлкен табиғи азаюы Қытай мен Үндістанда күтілуде, бірақ бұл елдер әлі де әлемдегі халқы ең көп екі ел болып қала береді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, Ресей халқы 2100 жылға қарай 126,4 миллион адамға дейін қысқарады (Росстат мәліметтері бойынша қазір ол 146,2 миллион адам), Германия – 70,9 миллионға дейін (қазір – 83,8 миллион),ал Украинада – 15,3 миллионға дейін (Ресей агрессиясы басталғанға дейін ол шамамен 43 миллион болатын).

Ал 2035 жылы Қазақстанда тағы бір миллион тұрғыны бар қала пайда болады.

– Қазіргі демографиялық жағдайға қарағанда 2035 жылы Алматы халқы 3 миллионға жетеді. Ал дәл сол кезде Ақтөбе қаласында адам саны да миллионға жетіп, Қазақстандағы миллион тұрғыны бар бесінші қала болады деп күтілуде. Ақтөбе үшін бұл болжам одан да ерте орындалуы мүмкін, – дейді демограф Мақсат Имандосов.

 

2080-жылдар халық саны Әлем

Тақырыпқа жаңалықтар