DW: "Крокус-Ситиде" терактіні кім ұйымдастырды?
"Крокус-Ситиде" терактіні кім ұйымдастырды? Шабуылға жауапкершілікті ИГИЛ-К лаңкестік ұйымы өз мойнына алғаны хабарланды. Алайда Ресей билігі «украиндық із» туралы жариялап жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы DW жазады және үш нұсқаны былай деп талдаған екен.
ИГ. Америкалық ақпарат құралдарының хабарлауынша, АҚШ барлау қызметі «Ислам мемлекеті» ұйымының бір тармағы болып табылатын «Вилаят Хорасан» (ДАИШ-К) ұйымының Ресей Федерациясында лаңкестік әрекет дайындап жатқаны туралы ресейлік тарапты алдын ала хабардар еткен. Желіде ДАИШ-К лаңкестік әрекетті мойнына алған хат таралуда. Лондон Корольдік колледжінің профессоры Петер Нойман ИГ кінәлі деген теорияға сүйенеді. Алайда басқа сарапшылар Мәскеудегі лаңкестік әрекетке «Ислам мемлекетінің» қатысы бар деген сенімді дәлел жоқ екенін алға тартады.
"Украин ізі". Бұл нұсқаны Ресейдің қауіпсіздік күштері жанама түрде растады. Осылайша, ФСБ ұсталған күдіктілердің «украиндық тараппен байланысы» бар екенін және олардың Брянск облысында, Ресей Федерациясы мен Украина шекарасындағы Троебортное бақылау-өткізу бекетінен алыс емес жерде ұсталғанын мәлімдеді (бірақ бұл да Беларусь шекарасына жақын жерде). Путин лаңкестердің Украинаға өтуі үшін «терезе» дайындалғанын айтады. Киев лаңкестік әрекетке қатысы бар деген айыптарды жоққа шығарды; АҚШ та мұның белгілері жоқ деп мәлімдеді.
"Крокусқа" жасалған шабуылды Ресей билігі ұйымдастыруы мүмкін еді, деп Киевте айтқан. Атап айтқанда, Украина Сыртқы істер министрлігі мұны 1999 жылы Ресей Федерациясындағы тұрғын үйлердің жарылысы сияқты «Ресей азаматтарының жұмылдыруын күшейту» үшін пайдалануға болады деп мәлімдеді. Осыған ұқсас пікірді ресейлік оппозициялық саясаткер Гарри Каспаров білдірді.
Қауіпсіздік жөніндегі сарапшы және Бонн университетінің Ресей бойынша маманы Франк Умбах DW-ге: «Крокустағы лаңкестік әрекеттің ресейлік барлау қызметінің жұмысы екені туралы әзірге ешқандай дәлел жоқ. Алайда Путин мен режим «өз халқын бұдан да ауқымды соғысқа, соның ішінде НАТО-ға қарсы дайындап жатыр деген әсер қалдырады», - дейді. Оның айтуынша, лаңкестік әрекетті ИГ содырлары жасады деген нұсқа Ресей Федерациясының үгіт-насихатына сәйкес келмейді, өйткені ол «мүлдем басқа бағытты ұстанады, мұны әлеуметтік желілерден көруге болады. Олар басынан бастап Украинаның ізі туралы және украиндар жауапты деп ауыз жаппай айтып жатыр.