Әлем17 ақпан 2024, 9:18

Джо Байден: Путин Навальныйдың өліміне жауапты

АҚШ президенті Джо Байден Ресей саясаткері, оппозиционер Алексей Навальныйдың өліміне қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Arbat.media

Бұл туралы DW телеграм арнасы жариялады.

Бізге Алексей Навальныйдың қайтыс болғаны туралы хабар келді. Бір жағынан таң қалмаймын, екінші жағынан, бұл оқиғаға қатты ашуландым. Путин басқа елдердің азаматтарына шабуыл жасап қана қоймай, оны Украинада болып жатқан оқиғалардан көрдік, ол өз халқына қарсы жантүршігерлік қылмыс жасап отыр. Навальный жемқорлыққа, зорлық-зомбылыққа және Путин үкіметі істеп отырған барлық жаман әрекетке батылдықпен қарсы тұрды. Бұған жауап ретінде Путин оны улап, жалған айыппен қамауға алды, - деп мәлімдеді АҚШ президенті Джо Байден. 

Байден, сондай-ақ, Навальныйдың өлімі АҚШ-ты Украинаның Ресей басқыншылығына қарсы қорғанысын қаржыландыруға итермелеуі керек екенін атап өтті.

Джо Байден Мәлімдеме Навальный өлімі АҚШ

Тақырыпқа жаңалықтар