Әлем7 шілде 2024, 14:00

Джо Байден: «Тек Құдай ғана кандидатурамды алып тастауға мәжбүр етеді»

«Мен НАТО-ны біріктірген адаммын, мен Путинді тоқтатқан адаммын», - деді АҚШ президенті 5 шілдеде ABC телеарнасына берген сұхбатында. "Партияластары оны шақырса, алдағы президенттік сайлаудан өз кандидатурасын алып тастауға келісе ме? деген журналистің сұрағына Байден "Егер құдіретті Раббым түсіп, маған мұны істе деп бұйырса ғана, мен солай істеймін», - деп жауап берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

АҚШ президенті Дональд Трамппен дебаттағы өзінің әлсіз шығуын «жаман эпизод» деп атады.

Ол сол күні кешке қатты суық тигенін және өзін нашар сезінгенін, бірақ оның денсаулығында қандай да бір елеулі проблема белгілері жоқ екенін айтты.

«Тәуелсіз медициналық тексеруден өтуге келісесіз бе?» деген сұраққа Байден күнделікті когнитивті тестілеуден өтетінін айтты.

«Мен жай ғана науқан жүргізіп жатқан жоқпын, мен әлемді басқарып жатырмын», - деді Байден.

Байден Тек Құдай ғана дебат туралы Денсаулық

Тақырыпқа жаңалықтар