ӘлемБүгін, 17:29

Енді қазақстандықтар Қатар елінде жұмыс істей алады

Енді қазақстандықтар Қатар елінде жұмыс істей алады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Сенат Қазақстан мен Қатар арасындағы еңбек келісімін ратификациялады. Енді келесі жылдан бастап қазақстандықтар мұнай-газ саласында жұмыс істеу үшін Қатарға бара алады.

Құқықтары заңмен қорғалады. Тегін баспана, көлік, медициналық көмек беріледі. Жыл сайынғы демалыс пен Қазақстанға ұшу шығындары да қарастырылған.

Мұнай-газ саласында тәжірибесі бар кез келген азамат өтінім бере алады. Ол үшін Түркістан, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында ашылған орталықтарда арнайы курстардан өту қажет.

мемлекет жұмыс қазақстандық Қатар

Тақырыпқа жаңалықтар