Әлем24 шілде 2024, 14:00

ЕО Армениямен визасыз режим туралы келіссөздерді бастайды

ЕО Армениямен визасыз режим туралы келіссөздерді бастайды. Бұл туралы Еуроодақ кеңесі мәлімдеді. «Кеңес Еурокомиссияның Армениямен визаны либерализациялау бойынша диалогты бастау ниетін құптайды», - делінген құжатта. Сонымен бірге, Ереван Еуроодақтың барлық қажетті критерийлерін толық орындаған жағдайда Армения мен Еуроодақ елдері арасындағы визалық режим жойылатынын, бұл бірнеше жылға созылуы мүмкін екенін атап көрсетеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сонымен қатар, ЕО Кеңесінің сайтында Еуропалық Бейбітшілік қоры Арменияға алғаш рет 10 миллион еуро көлемінде әскери көмек бөлгенін атап өтеді.

Ол ел армиясының материалдық-техникалық әлеуетін нығайтып, армян әскерлерін еуропалық стандарттарға жақындатуы керек.

Ақпан айында Армения Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымындағы (ҰҚШҰ) мүшелігін тоқтататынын мәлімдеді.

Бұл ретте елде Еуропалық Одақпен жақындасу туралы пікірталастар басталды.

ЕО Армения визасыз режим келіссөздер

Тақырыпқа жаңалықтар