Қостанай облысында бірнеше оқушы кішкентай қызға тиісті деген күдікке ілінді
Қостанай облысында екі оқушы бесінші сыныпта оқитын баланы жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыратты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Arbat.Media.
«НеМолчи» қорының мәліметінше, мектептердің біріндегі дәретханада алтыншы сыныптың екі оқушысы бесінші сынып оқушысына жыныстық зорлық-зомбылық жасады деген ақпарат тараған.
Хабарланғандай, оқиғаны жоғары сынып оқушысы байқап қалған. Ол көргенін жәбірленген баланың туған ағасына айтып берген. Осыдан кейін болған жағдай туралы ересектер білген.
Мектеп директоры полицияға хабарласқан, ал баланың анасы арыз жазған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: