Әлем14 ақпан 2024, 17:23

ЕО мен Армения ынтымақтастықты тереңдетуге келісті

Брюссель мен Ереван сыртқы және қауіпсіздік саясаты мәселелері бойынша диалогты дамытуды жоспарлап отыр, деп хабарлады Еуропаның бас дипломаты Жозеп Боррель, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Бұл шешім біздің қарым-қатынастарымыздың жаңа стратегиялық кезеңінде өзара қызығушылықтың күшті сигналы болып табылады және ол болашаққа нақты жол картасы мен көзқарас ұсынады», - деді ол Брюссельде өткен ЕО-Армения әріптестік кеңесінің отырысынан кейін.

Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянның айтуынша, кездесуде армяндарға «визасыз жүру» мәселесі де көтерілді.

Алайда Боррель Ереванды «осы мәселеде ілгерілеуге қол жеткізу үшін реформаларды белсендірек жүргізуге» шақырды.

Еуроодақ Армения ынтымақтастық
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
1 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар