ЕО Молдова және Украинамен қосылу келіссөздерін 25 маусымда бастайды
Еуроодақ Молдова және Украинамен қосылу туралы келіссөздерді 25 маусымда бастайды. Бұл туралы ЕО Кеңесіндегі Бельгияның төрағалығы өзінің ресми X аккаунтында хабарлады, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Елшілер Украина мен Молдованың қосылуы бойынша келіссөздердің іргелі негізін келісті», - делінген хабарламада.
7 маусымда Еурокомиссия екі ел де Еуроодаққа қосылу туралы келіссөздерді бастау үшін қажетті талаптарды орындағанын хабарлады.
Айта кетсек, ЕО-ның бағасына күмән келтірген жалғыз ел Венгрия елі болды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: