ЕО Украинамен қосылу туралы келіссөздерді 18 желтоқсанда бастауға дайын
ЕО Украинамен қосылу туралы келіссөздерді 18 желтоқсанда бастауға дайын, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Бельгия премьер-министрі Александр Де Кро мәлімдеді.
Оның айтуынша, Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан дауыс беруден қалыс қалғанына қарамастан, келіссөздерді бастау туралы шешім Еуроодақтың барлық 27 мемлекеті үшін міндетті болып табылады.
Брюссельдегі Еуропалық кеңес отырысында Украинаға 50 миллиард еуро көлеміндегі макроқаржы көмекті қосуды қалайтын ЕО-ның ұзақ мерзімді бюджетін талқылау жалғасуда.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: