Әлем5 қараша 2023, 18:50

Ердоған Нетаньяхумен байланысын үзуге ниетті

Ердоған Израильдің Газа секторындағы әрекеттеріне байланысты Нетаньяхумен байланысын үзуге ниетті екенін айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Нетаньяху енді біз сөйлесе алатын адам емес. Біз оны есептен шығардық», - деп келтіреді түрік БАҚ-ы Ердоғанның сөзін.

Анкара бұған дейін Израильдегі елшісін кеңесу үшін шақыртып алғанын хабарлаған.

Алайда Түркия президенті Израильмен дипломатиялық қарым-қатынасты үзуге ниетті емес екенін айтты.

«Байланысты толық үзу мүмкін емес, әсіресе халықаралық дипломатияда», - деді ол.

Ердоғанның айтуынша, Түркияның MIT құпия қызметінің басшысы Ибрагим Калинға Израиль мен Хамас арасындағы қақтығыстарды тоқтату міндеті жүктелген.

Калин Израиль жағымен де, Палестина және Хамаспен де келіссөздер жүргізуде.

Бір апта бұрын Түркия президенті Ыстамбұлда палестиналықтарды қолдау митингісінде Израильді «әскери қылмыс жасады» деп айыптады.

Осыдан кейін Израиль Түркиядағы дипломатиялық қызметкерлерін шақырып алып, енді елдер арасындағы қарым-қатынастар қайта қаралатынын мәлімдеді.

Ердоған Нетаньяху байланысты үзу Мәлімдеме

Тақырыпқа жаңалықтар