Ердоған: Хамас содырлары террорист емес, азат етушілер
Ердоған Хамас содырлары террорист емес, «азат етушілер» деді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған өз партиясының депутаттарымен сөйлеген сөзінде: «Хамас террористік ұйым емес, бұл өз жері мен халқын қорғау үшін күресіп жатқан азат етушілер мен моджахедтер тобы» деді.
Ердоған Израильге жоспарлаған сапарын тоқтатты.
«Біздің Израиль мемлекетімен ешқандай проблемамыз жоқ. Бірақ бізде Израильдің палестиналықтарға қатысты саясатына қатысты проблемалар бар», - деді Түркия президенті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: