Германиядағы Иранның бас консулдықтары жабылды
Фото: Peter Kneffel/dpa/picture alliance
picture alliance
Әлем1 қараша 2024, 15:34

Германиядағы Иранның бас консулдықтары жабылды

Германиядағы Иранның барлық бас консулдықтары жабылды. Германия Сыртқы істер министрі Анналена Бербок Германия азаматы Джамшид Шармахдтың Иранда өлім жазасына кесілуіне жауап ретінде санкция жариялады. Олардың арасында Франкфурт, Мюнхен және Гамбургтегі Иранның үш бас консулдықтарының жабылуы бар, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ал Берлиндегі елшілік өз жұмысын жалғастырады.

Бұл шаралар Германия азаматтығы болмаған жағдайда елден кетуге мәжбүр болатын 32 консулдық қызметкерге қатысты болады.Өлім жазасына реакция күткендегіден де қатал болды, дейді Тагесшау.

Германия және Иран азаматтығын алған Шармахдты 2020 жылы Дубайда болған кезде Иранның барлау органдары ұрлап кеткен.Тегеран оны Иранда «террорист» деп танылған Тондар оппозициялық тобының жетекшісі деп атайды.

2023 жылы Иранның Жоғарғы соты оны «терроризм» деген айыппен өлім жазасына кескен.Сот үкімін Германия мен Еуроодақ билігі қатаң айыптады. Шармахд 28 қазан күні таңертең өлім жазасына кесілді.

бас консулдықтар жабылу Германия Иран

Тақырыпқа жаңалықтар