Әлем2 мамыр 2024, 10:12

Эстония Украинаның әскери жасындағы азаматтарын депортацияламайды

Ішкі істер министрлігі Азаматтық және көші-қон саясаты департаментінің кеңесшісі Аннели Викс Эстония Украинаның әскери жасындағы азаматтарын депортацияламайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Егер босқындар төлқұжаттарын жаңарту және ЕО аумағында еркін жүру мүмкіндігінен айырылса, олардың Эстонияда болуы заңды болып қала береді, деп атап өтті Викс.

Бұған дейін Украина билігі 18 бен 60 жас аралығындағы ер адамдарға елдің шетелдегі консулдықтарында ұлттық құжаттарды қайта тіркеуге тыйым салған болатын.

ERR қоғамдық медиа-компаниясының мәліметі бойынша, қазіргі уақытта Эстонияда Украина Қарулы Күштеріне жұмылдыруға жататын 6500 украин бар.

Эстония украиндар Депортация
26 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
25 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар