Эстонияның қорғаныс министрі:«Біз ресейліктерді кіргізбеуіміз керек»
Ригадағы қауіпсіздік конференциясында Эстонияның қорғаныс министрі Ханно Певкур біз орыстарды кіргізбеуіміз керек деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.
"Оларға берілген әрбір сантиметр жерді қайтару қиынға соғады. Біз мұны Украина мысалында көріп отырмыз", - деді Эстония қорғаныс министрлігінің басшысы.
Ол НАТО елдерін қорғанысқа ішкі жалпы өнімнің кем дегенде 2 пайызын бөлуге шақырды.
Певкурдың айтуынша, еуропалық елдер КСРО ыдырағаннан кейін әскери шығындарын шамамен 6 триллион еуроға қысқартқан және мұның орнын толтыру керек.
НАТО-ның бірлескен жаттығуларымен бірге Эстония өз халқын қорғанысқа дайындап жатыр.
Олар аумақтық қорғанысты дамытуда, эвакуация кезінде қалалық қызметтердің әрекеттерінің алгоритмін әзірлеуде және келесі жылдан бастап мектеп бағдарламасына алғашқы әскери дайындық сабақтары енгізіледі.
Осылайша барлығы кем дегенде 10 күнге азық-түлік пен отын қорын қайдан іздеу керектігін түсінеді.