Еуроодақ Шенген визаларын онлайн өңдеуді енгізеді
Еуропалық Одақ Шенген визаларын онлайн өңдеуді енгізеді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Қабылданған шешімге сәйкес, жеке мәліметтер мен қажетті құжаттарды жүктеп салу арқылы визаға өтінішті жаңа онлайн платформа арқылы беруге болады, деп хабарлайды Еуропалық кеңестің баспасөз қызметі.
Алайда Шенген визасын алуға алғаш рет өтініш білдіргендер немесе жаңа төлқұжаты барлар консулдыққа өзі келіп, қажет болған жағдайда биометриялық деректерін жаңартуы керек.
Виза жапсырмасы штрих-кодқа ауыстырылады.
Еуропалық кеңес шешімінің мәтіні ЕО-ның ресми журналында жарияланғаннан кейін 20 күн өткен соң, жаңа ережелер күшіне енеді.
Бірақ ол визалық платформа құрылып, цифрлық визаны әзірлеу аяқталғаннан кейін жұмыс істей бастайды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: