Еуропарламент ФСБ-мен хат алысқан депутатын жазалады
Еуропарламент ФСБ-мен хат алысқан депутатын жазалады. Латвиядан Еуропарламентке (ЕП) сайланған депутат Татьяна Жданокқа Парламент депутаттарының мінез-құлық кодексін бұзғаны үшін бес күн бойы 1750 еуро көлеміндегі күнделікті жәрдемақы төленбейді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ол, сондай-ақ, Еуропарламенттің шақырылымы аяқталмайынша, ешбір институтаралық форумда делегация құрамында өкілдік ете алмайды, деп жазады Delfi.
Қаңтар айының соңында The Insider Жданоктың Ресей азаматтарымен, мүмкін ФСБ офицерлерімен хат жазысуына қатысты тергеуді жариялады.
Ол оларға өз қызметі туралы есеп жіберіп, іс-шара ұйымдастыруға үшін ақша сұраған.
Маусым айында өтетін Еуропарламенттің келесі сайлауына Татьяна Жданок енді кандидат ретінде қатыса алмайды, өйткені Латвия Сеймі оны бұл құқығынан айырды, деп жазады Delfi.