Әлем2 мамыр 2024, 11:04

Еуропарламент Грузияны ЕО мүшелігіне кандидат мәртебесінен айыруды ұсынды

Еуропарламент Грузияны «шетел агенттері туралы» заңға байланысты ЕО мүшелігіне кандидат мәртебесінен айыруды ұсынды. Еуропарламент мүшесі Виола фон Крамон қауіпсіздік күштерінің зорлық-зомбылығы Грузия билігі үшін нақты салдары болуы керек деген мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Фон Крамон, сондай-ақ, Еуропалық Одақ тарапынан грузин жобаларын қаржыландыруды тоқтатуды және Путинді қолдайтын олигарх және биліктегі партияның жетекшісі Бидзин Иванишвилиге санкция салуды ұсынды.

Сондай-ақ «Шетелдік ықпал туралы» заң жобасына дауыс берген парламентшілерге ЕО-ға кіруге тыйым салуды ұсынды.

Еуропарламент ЕО мүшелігі Грузия мәртебесінен айыру

Тақырыпқа жаңалықтар