Әлем14 наурыз 2024, 6:54

Еуропарламент Ресей активтерін Украинаның пайдасына пайдалануды мақұлдады

Еуропарламент Еуропалық Одақтың қылмыстық жолмен алынған активтерге тыйым салу жөніндегі директивасын мақұлдады. Ол мұндай қаражатты бұғаттауға және тәркілеуге мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қарарда Ресей Федерациясының басқыншылық соғысы нәтижесінде тәркіленуі мүмкін ресейлік активтер «Украинаны қалпына келтіруге қосқан үлес» болуы керек делінген.

Еуропарламент баяндамашысы Лорант Винче жаңа директиваның «халықаралық қылмыстық ұйымдар алатын қаржылық пайдаға бағытталғанын» атап өтті.

Оның айтуынша, бұл топтардың Еуроодақтағы табысы 150 миллиард еуроны құрайды, және бұл активтердің бір пайызы ғана тәркіленді, өйткені құқық қорғау органдары ақшаның қылмыстық шығу тегін анықтай алмады.

Енді «күдікті капиталды іздеумен айналысатын барлық органдар барлық ұлттық дерекқорларға дереу қол жеткізе алады», - деп түсіндірді Винчзе.

Ал қылмыскерлер тәркілеуден қашу үшін қолданып жүрген заңнамадағы кемшіліктер «жойылады».

Еуропарламент Ресей активтері Украина

Тақырыпқа жаңалықтар