Әлем31 қазан 2023, 14:00

Еуропарламент ресейлік саяси тұтқындарды қолдады

«Ресей еркін болады» — Еуропарламент ресейлік саяси тұтқындарды қолдады, - деп хабарлайды Arbat.media.
 
"Саяси тұтқындар күні Еуропарламент депутаттары Алексей Навальный, Владимир Кара-Мурза, Илья Яшин және Путин қудалаған барлық ар-ождан тұтқындарын қолдап, ынтымақтасады. Ресей бостандыққа шығады", - деп жазды X әлеуметтік желісіне Еуроодақтың Литвадан депутаты Андриус ​​Кубилюс.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған құжатқа еуропалық 25 парламентарий қол қойды.
 
Мәлімдемеде белгілі оппозиционерлерден бөлек Алексей Навальныйдың қамауға алынған үш адвокаты – Вадим Кобзев, Алексей Липцер және Игорь Сергунин туралы айтылған.

Skat Media және Current Time басылымдарының бағалауы бойынша, қазір Ресей түрмелерінде 807 саяси тұтқын жазасын өтеп жатыр.

Еуропарламент саяси тұтқындар қолдау

Тақырыпқа жаңалықтар