Әлем4 сәуір 2024, 12:00

Финляндия мен Украина 10 жылдық келісімге қол қойды

Финляндия Украинаға ақша және қару-жарақпен көмектеседі: тараптар 10 жылдық келісімге қол қойды. Финляндия президенті Александр Стубб Украинаға барып, Владимир Зеленскиймен қауіпсіздік және ұзақ мерзімді қолдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Келісім Украинаның қорғанысы мен қауіпсіздігі мәселелерінде көмек көрсетуді, сондай-ақ Украинаның реформалары мен соғыстан кейінгі елді қалпына келтіруді қолдауды қарастырады.

Стубб Зеленскийге Финляндия да Украинаға құны 188 миллион еуро болатын тағы бір қару-жарақ пакетін жіберетінін, содан кейін Хельсинкидің Киевке 2022 жылдан бастап көмек көрсетуінің жалпы сомасы 2 миллиард еуроға жететінін айтты.

Финляндия мен Украина 10 жылдық келісім қол қойды Украинаға көмек

Тақырыпқа жаңалықтар