Әлем17 наурыз 2024, 18:53

Финляндия ресей нөмірлі көліктерді елге кіргізуді тоқтатты

Финляндия Ресей нөмірі бар көліктерді кіргізуді тоқтатты. 16 наурыздан бастап Финляндияда Ресей Федерациясында тіркелген көліктерді арнайы рұқсатсыз жүргізуге тыйым салынады. Осы күннен бастап Финляндияда орналасқан ресейлік нөмірі бар автокөліктерге баж салығы және ҚҚС салынуы мүмкін, содан кейін олар Еуроодақтан шығуға мәжбүр болады, деп жариялады Финляндия кеден қызметі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ресейлік нөмірлі көліктерді жүргізуге тек күндізгі бөлімде оқитын студенттерге, мерзімді еңбек келісім-шартының иелеріне, сондай-ақ Ресейде тұрақты тұратын ЕО немесе Еуропалық экономикалық аймақ азаматтарына рұқсат етіледі. Алайда олар тыйым күшіне енгенге дейін көлікті Финляндияға заңды түрде әкелгенін дәлелдеулері керек.

Кедендік бақылау департаментінің басшысы Сами Ракшиттің айтуынша, қазіргі уақытта Финляндияда мұндай көліктердің саны белгісіз.

Финлндия ресейлік нөмірлі көлік тыйым

Тақырыпқа жаңалықтар