Әлем9 қаңтар 2024, 10:55

Франция премьер-министрі Элизабет Борн отставкаға кетті

Франция премьер-министріЭлизабет Борн отставкаға кетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы президент Эмманюэль Макрон X әлеуметтік желісінде жариялап, оның үкімет басшысы ретіндегі жұмысын «үлгілі» деп атады.

Борн 2022 жылдың 16 мамырынан бері елдің премьер-министрі болды.

Бұған дейін ол бірнеше министрліктерді кезек-кезек басқарды, соңғысы Францияның Шетелдік аумақтар министрлігі болды.

 

Элизабет Борн отставка Франция премьер-министр

Тақырыпқа жаңалықтар