Франция премьер-министрі отставкаға кетті
Франция премьер-министрі отставкаға кетті. Габриэль Атталь солшылдар альянсы парламенттік сайлауда жеңіске жеткен соң 8 шілдеде отставкаға кететінін айтты. Сонымен бірге ол жаңа үкіметті құру бойынша қызу келіссөздер жалғасқанша премьер-министр болып қала беретінін атап өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.
35 жастағы Аттал Франция тарихындағы ең жас премьер-министр атанды. Ол бұл қызметке осы жылдың қаңтар айында келген.
Сайлау нәтижелері Франция президенті Эмманюэль Макрон мен премьер-министр Аттальдан тұратын "Жандану" партиясы үшін жеңіліс болды.
Енді Макрон билікті оның саясатына қарсы шыққан жаңа премьер-министрмен бөлісуге мәжбүр болуы мүмкін.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: