Франция сенаты ЕО-ны Әзірбайжанға қарсы санкция салуға шақырды
Франция сенаты Еуроодақты Әзірбайжанға қарсы санкция салуға шақырды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Сенаторлар көпшілік дауыс пен бір қарсы дауыспен Әзірбайжанның Таулы Қарабақтағы әрекеттерін айыптап, армян халқының аймақтан кетуіне Бакуді жауапты деп санайтын қарар қабылдады.
Ықтимал шаралардың қатарында ЕО Бакумен ынтымақтастық шарттарын қайта қарауды, Әзірбайжан шенеуніктерінің мүлкін тәркілеуді және Әзірбайжаннан газ бен мұнай импортына эмбарго енгізуді ұсынады.
2023 жылдың 19 қыркүйегінде Әзірбайжан Қарабақтың этникалық армяндар қоныстанған аудандарында әскери операция жүргізіп, аймақты бақылауға алды.
Армян халқының көп бөлігі этникалық тазартудан қорқып кетіп қалды.
2024 жылдың 1 қаңтарында мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасы өмір сүруін тоқтатты.