Әлем3 ақпан 2024, 0:49

Францияда екі адам Pokemon картасын ұрлағаны үшін сотталды

Францияда екі ер адам 100 мың Pokemon картасын ұрлағаны үшін түрмеге қамалды. Өткен жылы Ренн қаласындағы покемон колленционері тұратын үйге үш ер адам баса-көктеп кіріп, 200 мыңға жуық картаның жартысын алып кеткен, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қарақшылар үй иесін ұрып-соғып, коллекцияның жартысына жуығынан бас тартуға мәжбүрлеген. Ұрланған карталар 100 мың еуроға бағаланып отыр. Қылмыскерлер карталарды қоқыс қапшықтарына салып алып қашып кеткен. Бірақ көп ұзамай полиция қызметкерлерінің қолына түсті. 

Қарақшылық шабуылдың екі қатысушысы түрмеге отыру жазасына кесілді. Ренн соты бұл іс бойынша айыпталушылардың бірін екі жылға, ал оның сыбайластарының бірін бір жылға бас бостандығынан айырды. Үшінші қарақшы тек шартты түрде сотталды.

Полицейлер қылмыскерлерді саусақ ізі арқылы тапқан. Қылмыскерлер үйден қашып бара жатқанда қапшық жыртылып, ішінен карталар түсіп қалған. Сотта сотталушылар істеген ісіне қатты өкінетінін айтып, қылмыс жасаған кезде мас болғанын айтумен болды.

«Біз екі-үш бөтелке ішімдік ішіп алып әрекет еттік. Бұл біздің тарапымыздан жасалған оғаш іс өте болды», - деді сотта олардың бірі.

Тоналған коллекционер қазір психологиялық оңалтудан өтіп жатыр. Сотта ол тапқан ақшасының барлығын дерлік Покемон карта сатып алуға жұмсағанын айтты.

Pokemon Франция ұрлық коллекционер

Тақырыпқа жаңалықтар