Францияда кезектен тыс парламент сайлауының қорытындысы шықты
Францияда кезектен тыс парламент сайлауының қорытындысы шығарылды. Ең жақсы нәтижені 182 парламенттік орынға ие болған «Жаңа халық майданы» солшыл коалициясы көрсетті. Екінші орында Францияның қазіргі президенті Эмманюэль Макронның «Республика үшін бірге» центрист коалициясы (168 орын),үшінші орында Марин Ле Пен мен Жордан Барделланың оңшыл "Ұлттық бірлестік" партиясы (143 орын), - деп хабарлайды Arbat.media.
Одан кейін Республикалық партияның консерваторлары келді (45 орын).
Қалған мандаттар тәуелсіз депутаттар мен шағын бірлестіктердің өкілдері арасында бөлінді.
Осылайша ешбір партия 289 депутатты қажет ететін парламенттегі көпшілік орынға қол жеткізе алмады.
Жаңа халықтық майдан көшбасшыларының бірі Жан-Люк Меланшон солшыл партиялар мен Макронның центристік блогы арасында коалиция құру мүмкіндігінен бас тартты. Оңшыл "Ұлттық бірлестік" өкілі Марин Ле Пен де солай жасады.