Францияда ресейлік миллиардер Алексей Кузьмичев ұсталды
Францияда ресейлік миллиардер Алексей Кузьмичев ұсталды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Alfa Group компаниясының негізін қалаушы және бұрыннан келе жатқан Михаил Фридманның бизнес серіктесі ақшаны жылыстатты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Le Monde.
Прокуратураның хабарлауынша, кеше Кузьмичевтің Сент-Тропедегі вилласында, сондай-ақ Париждегі үйінде тінтулер жүргізілген.
Хабарда Ресей әскерлерінің Украинаға басып кіруі басталғаннан кейін санкциялар тізіміне енген ресейлік олигархтың Францияда яхталары мен жылжымайтын мүліктері бар екені атап көрсетілген.
Наурызда бірқатар ресейлік оппозиция өкілдері Еуроодақ басшылығына Alfa Group корпорациясының иелері Михаил Фридман, Петр Авен, Герман Хан және Алексей Кузьмичевке қарсы санкцияларды алып тастауды өтінгені хабарланған болатын.