Әлем29 тамыз 2023, 20:43

Футболшы қызды ернінен сүйген федерация басшысына қатысты Германия СІМ пікір білдірді

Футболшы Дженнифер Эрмосоны ернінен сүйген Испания футбол федерациясының басшысы Луис Рубиалеске қатысты жанжалға Германияның сыртқы істер министрі Аннален Бурбок пікір білдірді, - деп хабарлайды Arbat.media.  

«2014 жылы Меркель неміс футболшысы Филипп Ламды дәл осылай сүйгенін елестету керек, сонда «барлығы есінен танып қалар еді, өйткені бұны жай ғана елестету мүмкін емес».

Рубиалеске қатысты жағдай жыныстық зорлық-зомбылықтың жағдайы ретінде қарастырыла ма, жоқ па, әлі белгісіз. Эрмосо және бірнеше ондаған фуболшы қыздар Рубиалес қызметтен кетпейінше, Испания құрамасында ойнамайтындарын айтты.

Ал оның анасы «адамгершілікке жатпайтын, баласының басқан ізін аңду» кесірінен аштық жариялады.

Айтпақшы, Ангела Меркель Германияның канцлері болып тұрғанда футболдан ұлттық құраманың киім ауыстыратын бөлмесіне барғаны үшін бірнеше рет сынға ұшыраған болатын.

Онда ол спортшыларды құттықтап, жуынып шыққан футболшылармен суретке түсетін.

Бұл әрекетті неміс ақпарат құралдары әзілдеп, «муттивация» деп атаған.

 

Дженнифер Эрмосо Луис Рубиалес футбол Аннален Бурбок

Тақырыпқа жаңалықтар