Газа секторында бітімгерлік басталды
Газа секторында бітімгерлік басталды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Толық атысты тоқтату таңғы сағат 8-де басталды, деп хабарлайды аймақ журналистері.
Ол Израиль мен Хамас лаңкестік ұйымы арасындағы Катардың арағайындығымен қол жеткізілген келісімге сәйкес төрт күнге созылады.
Бітімге бірнеше сағат қалғанда ұрыс әлі жалғасып жатыр, деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.
Хамас содырлары бітімге қол қойған бірінші күні тсағат 17:00-де кепілге алынған 13 адамнан тұратын бірінші топты босатуы керек.
Барлығы 7 қазанда Израильге шабуыл кезінде содырлар тұтқындаған 50 адам төрт күннен кейін босатылуы тиіс.
Бұл уақытта Газаға гуманитарлық көмек келіп, Израиль 150 палестиналық тұтқынды босатады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: