Газада гуманитарлық жағдай жаңбырдан қиындап кетті
Жаңбыр салдарынан Газада гуманитарлық жағдай қиындап кетті, - деп хабарлайды Arbat.media.
БҰҰ бұл сектормен байланыс алдағы 48 сағатта толығымен үзілуі мүмкін дейді.
Толассыз жауған жаңбыр салдарынан Газа секторының тұрғындарының жағдайы нашарлады.
Соғыс салдарынан жүздеген мың палестиналық отбасы үйлерін тастап, оңтүстікке көшуге мәжбүр болды.
БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы Палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмыс жөніндегі агенттігі (UNRWA) оларды орналастыру үшін 154 баспана ашты, бірақ оның бәрі толып кетті.
Жүздеген адамдар бір дәретхана мен душты ортақ пайдаланады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: