Әлем12 қараша 2023, 18:10

Германия Украинаға әскери көмек көлемін екі есеге арттырады

Германия Украинаға әскери көмек көлемін екі есеге арттырады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы  Bloomberg жариялады. 
 
Германия үкіметі Киевке 2024 жылы әскери көмек көлемін 8 миллиард еуроға дейін ұлғайтуға келісті, деп хабарлайды агенттік анонимді дереккөзге сілтеме жасап.

Парламенттің бюджет комитеті бұл бастаманы келесі аптада мақұлдайды деп күтілуде.
 
Бұл жоспарды Бундестаг мақұлдаса, елдің қорғаныс шығындары НАТО келісімінде белгіленген ішкі жалпы өнімнің 2 пайызынан асады. Германияның қорғаныс министрлігі журналистерге бұл ақпаратқа түсініктеме беруден бас тартты.

Германия Украинаға көмек

Тақырыпқа жаңалықтар